ҚҰПИЯЛЫЛЫҚ САЯСАТЫ
Tax Free сервисінің
Осы Құпиялылық саясаты (бұдан әрі — Саясат) Қазақстан Республикасының «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Заңына, сондай-ақ Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес Tax Free сервисі пайдаланушыларының дербес деректерін жинау, өңдеу, сақтау, пайдалану және қорғау тәртібін айқындайды.
Саясат сервистің жұмыс істеуі шеңберінде Tax Free жүйесінің операторы болып табылатын «IT Analytics» ЖШС алатын барлық дербес деректерге қолданылады.
1. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1.1. Tax Free жүйесінің операторы (бұдан әрі — Оператор) Tax Free сервисінің иесі және әкімшісі болып табылады және дербес деректерді өңдеудің мақсаттары мен тәсілдерін айқындайды.
1.2. Tax Free сервисін пайдаланушылар мыналар болып табылады:
- сатып алушылар — шетел азаматтары;
- Tax Free жүйесінің қатысушылары (сауда орталықтары, дүкендер және өзге де кәсіпкерлік субъектілері);
- жүйеге қатысушылардың өкілдері.
1.3. Tax Free сервисін пайдалану пайдаланушының осы Саясаттың талаптарымен келісетінін білдіреді.
2. ДЕРБЕС ДЕРЕКТЕР
2.1. Tax Free сервисінің жұмыс істеуі шеңберінде Оператор мынадай дербес деректерді өңдей алады:
- тегі, аты, әкесінің аты (бар болса);
- жеке басын куәландыратын құжаттың деректері (паспорт, нөмірі, берілген күні, елі);
- сәйкестендіру және тіркеу деректері (ЖСН — бар болған және қажет болған жағдайда);
- байланыс деректері (телефон нөмірі, электрондық пошта мекенжайы);
- сатып алулар туралы мәліметтер (тауардың атауы, сомасы, ҚҚС);
- Tax Free тетігін іске асыру үшін қажетті өзге де деректер.
2.2. Оператор Қазақстан Республикасының заңнамасында тікелей көзделген жағдайларды қоспағанда, дербес деректердің арнайы санаттарын өңдемейді.
3. ДЕРБЕС ДЕРЕКТЕРДІ ӨҢДЕУДІҢ МАҚСАТТАРЫ
3.1. Дербес деректер мынадай мақсаттарда өңделеді:
- ҚҚС-ты қайтаруды (Tax Free) рәсімдеу және жүзеге асыру;
- Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын орындау;
- мемлекеттік органдармен, банктермен және төлем ұйымдарымен өзара іс-қимыл жасау;
- Tax Free сервисінің жұмыс істеуі мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
- пайдаланушылардың өтініштері мен сұрауларын қарау.
4. ӨҢДЕУДІҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ НЕГІЗДЕРІ
4.1. Дербес деректерді өңдеу мынадай негіздер бойынша жүзеге асырылады:
- дербес деректер субъектісінің келісімі;
- шартты (жария офертаны) орындау қажеттілігі;
- Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын орындау.
5. ДЕРБЕС ДЕРЕКТЕРДІ ӨҢДЕУГЕ КЕЛІСІМ
5.1. Tax Free сервисін пайдалана отырып, пайдаланушы осы Құпиялылық саясатымен танысқанын растайды және Қазақстан Республикасының «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Заңына сәйкес өзінің дербес деректерін жинауға, өңдеуге, сақтауға, пайдалануға, беруге және олармен өзге де әрекеттер жасауға Операторға ерікті түрде келісім береді.
5.2. Дербес деректерді өңдеуге келісім электрондық түрде мынадай әрекеттерді жасау арқылы беріледі:
- тиісті белгіні қою және Tax Free сервисінде тіркелу;
- Tax Free сервисі арқылы ҚҚС қайтаруды рәсімдеу әрекеттерін жасау;
- Оператордың жария офертасын және/немесе Tax Free жүйесінің қағидаларын акцептеу.
5.3. Пайдаланушыға дербес деректерді өңдеудің мақсаттары, өңделетін деректердің тізбесі, деректердің ықтимал алушылары, сондай-ақ оның дербес деректер субъектісі ретіндегі құқықтары түсіндірілгенін растайды.
5.4. Келісім Оператормен шарттық және нақты қатынастар қолданылатын мерзімге, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген деректерді сақтау мерзімі ішінде беріледі.
5.5. Пайдаланушы Операторға жазбаша хабарлама жолдау арқылы дербес деректерді өңдеуге берген келісімін кері қайтарып алуға құқылы. Бұл ретте Пайдаланушы келісімді кері қайтарып алу Tax Free сервисін одан әрі пайдалану және ҚҚС қайтаруын алу мүмкін еместігіне әкелуі мүмкін екенін түсінеді.
5.6. Келісімді кері қайтарып алу Оператор Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда жүзеге асыратын дербес деректерді өңдеуге қолданылмайды.
5.7. Оператор дербес деректерді мынадай тұлғаларға беруге құқылы:
- мемлекеттік органдарға — Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда және тәртіппен;
- банктер мен төлем ұйымдарына — ҚҚС қайтаруын жүзеге асыру мақсатында;
- мемлекеттік және ақпараттық жүйелердің операторларына — Tax Free тетігін іске асыру мақсатында;
- өзге тұлғаларға — дербес деректер субъектісінің келісімі немесе заңды негіздер болған кезде.
5.8. Дербес деректерді беру өңдеу мақсаттарына қол жеткізу үшін қажетті көлемде жүзеге асырылады.
5.9. Дербес деректерді трансшекаралық беру қажет болған жағдайда, Оператор Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарының сақталуын қамтамасыз етеді. Пайдаланушы Tax Free сервисін пайдалану арқылы Tax Free тетігін іске асыру мақсатында дербес деректердің ықтимал трансшекаралық берілуіне келісімін білдіреді.
6. ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР
6.1. Оператор осы Саясатқа біржақты тәртіппен өзгерістер енгізуге құқылы.
6.2. Саясаттың өзекті редакциясы Tax Free сервисінде орналастырылады және орналастырылған сәттен бастап күшіне енеді.
6.3. Дербес деректерді өңдеу мәселелері бойынша пайдаланушы Tax Free сервисінде орналастырылған байланыс деректері бойынша Операторға жүгінуге құқылы.
7. ДЕРЕКТЕМЕЛЕР
ОПЕРАТОР:
«IT Analytics» ЖШС
БСН 180440015423
Банк деректемелері:
ЖСК: KZ7196503F0010480436
Банк: Астана қ. «Forte Bank» АҚ филиалы
БСК: IRTYKZKA
Заңды мекенжайы: Астана қ., Нұра ауданы, Достық к-сі, 4, т.е. 1
Нақты мекенжайы: Астана қ., Есіл ауданы, Қабанбай батыр даңғ., 18
Электрондық пошта: info@itanalytics.kz